Алматыда полицей мен жас қыздың төбелесінің видеосы тарады: Полиция мән-жайды түсіндірді (видео)

0
1 104

Видео астындағы жазбада жас қыздың алтын түстес BMW көлігін эвакуаторға тиеп, алып кеткеннен кейін, оның полицеймен төбелесіп қалғаны жазылған.


Алматыда полицей мен жас қыздың төбелесінің видеосы тарады: Полиция мән-жайды түсіндірді (видео)

ERNUR.KZ. Желіде жас қыз бен тәртіп сақшысының төбелесіп қалған сәтінің видеосы тарады. Видеоның астында оқиғаның Алматыда орын алғаны жазылған, деп жазады Stan.kz.

Видео кадрларынан қыздың тәртіп сақшысына қарсыласып, бой бермей, эвакуаторға тиелген көліктің ішіне терезеден кіріп алғаны көрінеді. Артынша полиция қызметкері оны сүйреп шығармақ болады.


Өз кезегінде қалалық полиция департаменті желіде тараған оқиғаны жоққа шығарды. Олардың мәліметінше, сол жерде фильм түсіріліп жатқан болуы мүмкін.

«Аталған видеоның Алматы қалалық полиция департаментіне еш қатысы жоқ. Қызметкердің де, техниканың да ішкі істер органына қатысы жоқ. Бар болғаны фильм түсіріліп жатқан болуы мүмкін», - дейді полиция департаментінің өкілі.