Алматыда полицейлер адам қағып кетті (видео)

0
903

Кадрларда өтуге болмайтын жерден жолды кесіп бара жатқан адамның бейнесі көрінеді.


Алматыда полицейлер адам қағып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда полиция қызметкерінің әйел адамды қағып кеткен кезі видеоға түсіп қалған, деп жазады Tengrinews.kz.

Бейнетіркеуіштің камерасына түсіп қалған ролик Instagram желісіндегі almaty_http_rezerv парақшасына жарияланған.

Экранның сол жағындағы кадрларда өтуге болмайтын жерден жолды кесіп бара жатқан адамның бейнесі көрінеді. Адам баяу қимылдап барады. Осы уақытта патруль көлігі қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Бұған дейін полиция өкілдері 71 жастағы әйел автобусқа отыру үшін жолды белгіленбеген жерде кесіп өткенін, ал тәртіп сақшылары тоқтап үлгермегенін хабарлаған. Десе де қоғамдық көлік кадрларда көрінбейді.

Зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Еске салсақ, 4 қыркүйекте таңертең полиция қызметкерлері патруль көлігінде әйелді қағып кеткен.