Алматыда полиция бір көшені қоршауға алды

0
604

Қалалық полиция департаменті оқиға орнында белгісіз сөмке табылғанын хабарлады.


Алматыда полиция бір көшені қоршауға алды

ERNUR.KZ. Полиция Алматыдағы Гагарин даңғылы мен Жандосов көшесінің қиылысында орналасқан аумақты қоршауға алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қалалық полиция департаменті оқиға орнында белгісіз сөмке табылғанын хабарлады.


"Қазіргі уақытта осындай хабарламалардан соң әрекет ету аясында оқиға орнына қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылды. Түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіндегілер.