Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

0
737

Қайғылы оқиға 18 сәуірде орын алған.


Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері жол апатынан көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға 18 сәуірде болған деп хабарлайды.

"Ол жеке көлігімен түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Әл-Фараби даңғылымен жүріп бара жатып, жер асты жолындағы қоршауға соғылған. Апат салдарынан полиция қызметкері ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол жедел жәрдемде қайтыс болған. Жүргізушінің қанында алкоголь жоқ. Апаттың мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады", - деді полиция басқармасы.

Алматы полиция департаментінің басшылығы мен ұжымы көз жұмған қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.