Алматыда "Сарыарқа", "Никольский" базарлары сүріледі

0
718

Базарларды бұзу туралы ақпарат екі жыл бұрын пайда болды.


Алматыда

ERNUR.KZ. Сарыарқа базарының орнына сауда орталығы пайда болады. Биыл киім бөлімін бұзу жоспарланған, келесі жылы азық-түлік сатылатын сауда орындарын сүреді, деп жазады Stan.kz.

«Азық-түлік бөлігі әлі күнге дейін сақталуда, киім базарында қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Сауда үйі болады. Қаңтардың ортасынан бастап біз киім-кешек сатысында жұмыс жасаймыз», - деді әкімшілік.

Базарларды бұзу туралы ақпарат екі жыл бұрын пайда болды. 2018 жылдың тамызында қала әкімдігі базар орнында ыңғайлы сауда шарттары бар жерасты паркингі бар сауда орталығы пайда болатындығын хабарлады.

Еске салсақ, Алматыдағы ең көне базарлардың бірі - Никольский базары да бұзылады. Оның орнына сауда орталығы салынады.