Алматыда сауда орталығын дүрліктірген қорап бос болып шықты

0
944

Сауда орталығанан қоршау алынып тасталды.


Алматыда сауда орталығын дүрліктірген қорап бос болып шықты

ERNUR.KZ. Алматыдағы Розыбакиев көшесі бойында орналасқан ірі сауда орталығын тәртіп сақшылары тексеріп болды, деп жазады zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mega Alma-Ata сауда орталығы қызметкерлері мен сауда жасауға келушілерді эвакуациялауға түрткі болған қорап бос болып шықты.

Сауда орталығанан қоршау алынып тасталды.

11 қазан күні таңертең күдікті зат көзге ілініп, «Мега Алма-Ата» сауда орталығынан адамдар сыртқа эвакуацияланған болатын.