Алматыда сауда орталығында қыз баланы зорламақ болған педофил бұрын сотталған болып шықты

0
1 796

Қыз баланы әжетхана кабинасына кіргізіп, ұятсыз роликтер көрсеткен.


Алматыда сауда орталығында қыз баланы зорламақ болған педофил бұрын сотталған болып шықты

ERNUR.KZ. Алматыдағы сауда орталығында кішкентай қыз балаларға тиіскен адам бұрын да осындай қылмысы үшін сотталған педофил екені анықталды. Ер адам құрықталып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп жазады kaz.nur.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматы сауда ойын-сауық орталығының әжетханасында ер адам кішкентай қызды зорламақ болды деген хабарлама тараған болатын.

Хабарлама авторының сөзінше, ер адам қыз баланы әжетхана кабинасына кіргізіп, ұятсыз роликтер көрсете бастаған. Көрші кабинадағы әйел күдікті дыбыстарды естіп, "Кім бұл?" деп сұрағанында, оған "Бос емес" деп ер адам дауыс қатқан.

Сол кезде әйел адам күзетшілер мен полиция шақырған.

Ойын-сауық орталығының әкімшілігі фактіні растады. Сауда орталығының өкілдері, белгісіз ер адамның әжетханада екі қыз балаға тиіскенін жеткізді. Сауда орталығының күзет қызметі күдіктіні тұтқындап, тәртіп сақшыларына тапсырған.

Бүгін таңертең Алматының полиция департаменті күдіктінің бұрын кішкентай баланы азғырғаны үшін сотталған педофил екенін хабарлады. Күдікті 32 жастағы Ақтөбе облысының тумасы екен. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, MEGA Alma-ata әжетханасында ер адамны кішкентай қыздарға тиіскенін жазған болатынбыз.