Алматыда суға шомылу маусымына неге тыйым салынғаны белгілі болды

0
938

Алматы қаласының бас санитар дәрігері шаһарда қандай нысандар жұмыс істемейтінін айтты.


Алматыда суға шомылу маусымына неге тыйым салынғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада суға шомылу маусымына неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп жазады тengrinews.kz.

Оның айтуынша, су қоймаларындағы судың сапасы күмән тудырады.

"Тәжірибемізге сүйенсек, бізде ыстық климат. Судың сапасы қажетті бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Сондықтан біз жағажай аймақтарын ашуды қарастырып отырған жоқпыз. 1 маусымнан бастап оларды ашу туралы бірнеше ұсыныс болды. Біз бұл мәселені кейінге қалдырдық. Оны 15 маусымнан кейін қарастырамыз", - деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол спорт кешендеріндегі бассейндер жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері шаһарда қандай нысандар жұмыс істемейтінін айтқан еді.