Алматыда сұлулық салонының қызметкері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

0
1 187

Туысқандары әйелдің үстінде көп алтын болғанын айтады.


Алматыда сұлулық салонының қызметкері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда сұлулық салонында жұмыс істейтін 40 жастағы Батура Мамедова жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Екі баланың анасының табылмай жатқанына екі апта болды, деп жазады Stan.kz.

Әйел екі апта бұрын сұлулық салонындағы жұмысынан шығып, үйіне беттеген. Бұл туралы туыстарына да айтыпты. Оның үйі жұмысынан бірнеше сағаттық жерде орналасқан. Алайда Батура Мамедова екі аптадан бері хабарсыз. Туыстары оның қайда екенін білмей дал.

Олар Батураны ұрып-соғып, тонап кетуі мүмкін деп топшылайды. Айтуларынша, ол жоғалып кеткен күні өзімен қомақты ақша алған. Сонымен қатар үстінде бағалы әшекейлері болыпты.

«Алқасы 40 грамм болады. Жүзіктері бар. Үстінде көп алтын болған. Бұған дейін осылай хабарсыз кеткен емес. Кешігетін болса, міндетті түрде хабарлайтын», - дейді туысы Гүлімзар Гадирова.

Жоғалып кеткен әйелдің туыстары құқық қорғау органдарына шағымданған. Түркісіб аудандық полициясы істі тергеп жатыр.

Сондай-ақ, әйелдің туыстары еріктілерден көмек сұрап отыр.