Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірқатар көше жабылады

0
591

Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағат аяқталды.


Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірқатар көше жабылады

ERNUR.KZ. Алматыда террористерге қарсы операция жалғасып жатыр. Осыған байланысты бірқатар көше уақытша жабылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін 19 қаңтар күні келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады:

- Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;

- Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;

«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.

Айта кетейік, Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағат аяқталды.

Алайда Алматы аумағында антитеррорлық шара режимі және терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады.