Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып ұшырып жіберген (фото)

0
1 859

Олардың қолындағы сөмкеде тамақ және ойыншықтар болған.


Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып ұшырып жіберген (фото)

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. 14 сәуір күні түнгі сағат бір шамасында Алматы-Бішкек тас жолының 23 шақырымында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті, деп жазады Zakon.kz.

Алматыға бет алған Volkswagen Golf жүргізушісі жақын маңдағы "Бахар" мейрамханасынан шығып жолды кесіп өтпек болған ер адам мен әйелді қағып кеткен.

Соққының қатты болғаны соншалық жаяу жүргіншілерді бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген. Алған жарақаттарының салдарынан әйел жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде жан тапсырған. Ал оның жолдасы ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Қайтыс болғандар сол түні тойдан шыққан көрінеді. Олардың қолындағы сөмкеде тамақ және ойыншықтар болған.