Алматыда Toyota Camry аударылды: бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

0
1 239

​Алматыда Саин даңғылы мен Ұлықбек көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Алматыда Toyota Camry аударылды: бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

Алматыда Саин даңғылы мен Ұлықбек көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry Саин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, неге екені белгісіз, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалыпты. Салдарынан бордюрге шығып, бағананы құлатқан, кейін аударылып барып, ағашқа соғылды. Көлік жаяу жүргіншіні де қағып кетіпті, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.