Алматыда троллейбус 4 көлікпен соқтығысты

0
2 219

Олардың біреуі артта келе жатқан, қалған үшеуі жол шетінде тұрақта тұрған.


Алматыда троллейбус 4 көлікпен соқтығысты

ERNUR.KZ. Алматыда троллейбус жол апатына ұшырады, деп жазады ҚазАқпарат.

«МАЗ көлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен оңтүстікке бағыт алып келе жатып троллейбустың тізбегін үзіп жіберген. Соның салдарынан троллейбус артқа жылжып кетіп 4 көлікпен соқтығысқан. Олардың біреуі артта келе жатқан, қалған үшеуі жол шетінде тұрақта тұрған»,- деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.



Жол апатынан ешкім жарақат алған жоқ. Бұл дерек Алмалы аудандық ПБ тексеруіне жатыр.