Алматыда үш баланың анасы босанған соң көз жұмды

0
1 087

Қайғылы оқиға 16-17 шілдеге қараған түні Алматыдағы №1 перзентханада орын алған.


Алматыда үш баланың анасы босанған соң көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда үш баланың анасы кесарь операциядан кейін ауруханада қайтыс болды, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға 16-17 шілдеге қараған түні Алматыдағы №1 перзентханада болды. Қайтыс болған жүкті әйелдің әпкесі өзінің Instagram парақшасында болған жағдай туралы айтып берді.

«17 шілдеде таңғы сағат 3.00-де дәрігерлер кесарь отасын жасады, сәби дүниеге келді. Анасы есін әрең жиып, өзін нашар сезініп тұрғанын айтты. Біраз уақыттан кейін ол ішінен қан кете бастады, оны тек сағат кешкі 17:00-де операцияға алып кетті. Оны құтқару мүмкін болмады. Жаңа туған сәби мен екі баланың ана махаббаты мен қамқорлығынсыз қалғаны өте қиын болды», - деп жазады ол.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жағдайды қарастыруға уәде берді.

«Біз туыстары мен достарына шын көңілден көңіл айтамыз және мынаны хабарлаймыз. Науқастың қайтыс болуына байланысты акушерлік көмекті ұйымдастыруда кешенді комиссия құрылды. Комиссия құрамына республикалық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті кірді.Науқасқа көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қатысты комиссияның материалдары құқықтық бағалау және процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Алматы қаласының полиция басқармасына жіберіледі. Бұл мәселе Алматы әкімдігінің бақылауында», - деді денсаулық сақтау басқармасында.