Алматыда үш жасар бала магнит батарея жұтып қойған

0
724

Жұтып қойған магнит батареяны ота жасап қана алып шығу мүмкін болған.


Алматыда үш жасар бала магнит батарея жұтып қойған

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматылық дәрігерлер магнит батарея жұтып қойған үш жасар балаға ота жасады, деп жазады тengrinews.kz.

Балаларға жедел көмек көрсету орталығына үш жас бес айлық баланың анасы хабарласқан.

Ведомство мәліметінше, балаға жедел түрде рентгенография жасалған. Нәтижесінде жұтып қойған магнит батареяны ота жасап қана алып шығу мүмкін болған.

Қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиевтің айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы, таяуда ауруханадан шығарылады.