Алматыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй сүрілетін болды

0
448

Алматыда көптеген арыз-шағымға байланысты "Шұғыла" ықшамауданында заңсыз салынған көпқабатты үй сүрілетін болды.


Алматыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй сүрілетін болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Әкімдік баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтінішіне байланысты заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі қозғалған. Алматы қалалық сотының шешімі бойынша, қала құрылысын бақылау бөлімінің талап арызы қанағаттандырылды: сот нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

"Құрылысты бұзу 1 шілдеде сағат 10:00-де басталады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін азаматтардың өтініші негізінде қала құрылысын бақылау бөлімі осы нысанда тексеру жүргізген болатын. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар жасалған.