Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

0
824

Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті.


Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматыда бейсенбі күні кешкі уақытта Рысқұлов - Жансүгіроа қиылысындағы жолайрықта ірі жол апаты болды, деп жазады Тengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, КамАЗ Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта кетіп бара жатып белгісіз себептермен бар жылдамдығымен Toyota Camry маркалы автокөлікті соққан. Жапондық автомобиль соққы салдарынан 50 метрге қозғалып, "Газель" көлігін соққан, ол өз кезегінде тағы бір Camry автомобилін соққан.

Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті, олардың арасында бір жасар сәби де бар. Бір адам қаза тапты, ол Тoyota Camry жолаушысы. Ол ауруханаға барар жолда алған жарақатынан қаза тапты.