Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

0
700

Бес адам ауруханаға жеткізілді.


Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда Солтүстік айналымда жол апаты болып, екі адам қаза тауып. Тағы бесеуі түрлі жарақат алды, деп жазады Тengrinews.kz.

Hyundai Getz және LADA Granta жеңіл көліктері "Ақбұлақ" базарының маңында соқтығысып қалды. Салдарынан LADA Granta көлігі аударылып кеткен.

Бес адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 1994 және 1997 жылғы екі адам жедел-жәрдем қызметкерлері келгенше оқиға орнында көз жұмды. Олар LADA Granta көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы.