Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

0
649

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жол шетіндегі ағашты сындырып өтіп, бетон қоршауға барып соғылған.


Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматыда сұмдық жол апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды ktk.kz.

Жол апаты Райымбек және Розыбақиев көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің сөзінше, LADA Granta көлігінің жүргізушісі темір тұлпардың тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жол шетіндегі ағашты сындырып өтіп, бетон қоршауға барып соғылған.

Тас-талқаны шыққан көлікте болған жүргізуші мен жолаушы сол мезетте жан тапсырыпты.