Алматыда жасөспірім бала 62 жастағы кісіні ұрып өлтірді

0
701

Ол қарт кісіні битасымен бастан ұрған.


Алматыда жасөспірім бала 62 жастағы кісіні ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Алматыда 15 жастағы жасөспірім 62 жастағы ер адамды бейсбол таяғына ұқсас битамен ұрып, алған соққыдан қарт кісі жан тапсырды, деп жазады zakon.kz.

Үйінен дүкенге шыққан кісінің алдын қара джип кес-кестейді. Көліктен түскен бала қарт кісіні битасымен бастан ұрған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы ер адамды құтқара алмады, ол бірнеше минуттан кейін көз жұмды. Жасөспірім қашып кетті.

Күдікті келесі күні ұсталды. 15 жастағы Алматы тұрғыны екен. Қазір ол қамауда, оның не себепті кісі өлтіргенін полиция анықтайды.