​Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады

0
1 105

Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.


​Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады, деп жазады tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолдың нашар көрінуіне байланысты жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бұрылмақ болғанда Audi көлігін байқамай қалған. Нәтижесінде Audi жүргізушісі қарсы жолаққа қарай ұшып кеткен.

Жүргізушілер жол-апатын тіркеуді күтіп тұрғанда SsangYong көлігі келіп жедел жәрдем көлігін соғып кетіп, артынша Lada көлігімен соғысқан.

Жол апаты салдарынан Audi, SsangYong және Lada жүргізушілері, сондай-ақ, фельдшер зардап шеккен. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.