Алматыда жоғалған оқушылар өлі табылды

0
804

Зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетіледі.


Алматыда жоғалған оқушылар өлі табылды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы суға батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын»,– деп жазады қала басшысы.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, оқушылар мұзы жұқа су айдынына батып кеткен.

«Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерін тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды»,- деді әкім.