Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды

0
646

Оны іздестіруге 250 адам жұмылдырылған еді.


Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды

ERNUR.KZ. Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар Месут Мырзақұлов табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, бала дін аман.


«Қазір оны ата-анасына табыстап жатырмыз. Іздесуге атсалысқан азаматтарға көп рахмет», - деді ПД баспасөз қызметінен.


Бұған дейін Алматы полициясы 9 жастағы Месут Мырзақұлов 1 қыркүйекте түскі 13:00-де үйінен шығып содан оралмағанын хабарлаған болатын.

Оқушы әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке барғаны анықталды. Бейнебақылау камералары баланың Ш.Қалдаяков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқанын көрсетті. Оның үйі жеке секторда, тауға жақын, Кеңсай зиратының артында орналасқан.

Оны іздестіруге 250 адам жұмылдырылды. Ұлттық ұланның 100 жауынгері, жедел әрекет ету бөлімінің 20 қызметкері, ювеналды полицияның 50 инспекторы және аудандық деңгейдегі учаскелік полиция инспекторы, қалалық криминалдық полицияның 40 жедел уәкілі, Месут оқитын мектептен 20 ерікті және 5 мұғалім тартылған еді.