Алматыда жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

0
729

Студентті іздеу жұмыстарының аяқталғанын волонтерлер хабарлады.


Алматыда жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

ERNUR.KZ.19 жастағы Ілияс Егізбаевты іздеу жұмыстары 19 мамырда басталған болатын. Оның денесі Алматыдағы таулы аймақта табылды, деп жазады sputniknews.kz.

Жігітті іздеу жұмыстарының аяқталғанын волонтерлер хабарлады. Кейін мәліметті полиция растады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

19 жастағы Ілияс Егізбаевты іздеу жұмыстары 19 мамырда басталған болатын. Ол осы күні үйінен шығып, оралмады. Жігіт жақындарына серуендеуге баратынын айтқан.

Ілияс Егізбаев Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолтаңбалы өнер колледжінің соңғы курсында оқыды. Бұған дейін үйінен кетпеген, жақындарымен де ұрыс-керіс болмаған.