Алматыда жол апатынан қазақстандық балуандар қайтыс болды

0
1 018

Қайғылы оқиға Алматы-Тараз тасжолында орын алған.


Алматыда жол апатынан қазақстандық балуандар қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда болған жол апатынан еркін күрес балуандары көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Еркiн күрес шеберлері - Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар Алматы-Тараз тасжолында болған жол апатында қайтыс болды. Қайғылы хабар ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Instagram- дағы ресми аккаунтында жарияланды.


«Қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!», - деді ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан.


Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес жігіт) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті.

Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жансақтау бөлімінде жатыр.