Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалды

0
791

Метроға ешкімді кіргізбей жатыр.


Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында жолаушылар жарықтың өшіп қалуына байланысты метрода тұрып қалды, деп жазады Stan.kz.

Электр энергиясының өшуіне байланысты метро қозғалысы тоқтап, жолаушылар вагондардан шыға алмай қалған. Қосымша генератор қосылғаннан кейін пойыздар қозғалысы қалпына келді. Қазіргі уақытта жолаушылардың барлығы вагондардан шығып үлгерді. Метроға ешкімді кіргізбей жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында жарықтың өшкені туралы жазған едік. Бостандық ауданының басым бөлігінде, "Орбита", "Самал", "Айнабұлақ" ықшамауданында, Көкбазардың айналасындағы ауданда, Назарбаев, Әл-Фараби даңғылында, Бектұров пен Ташкент көшесінде жарық жоқ.