Алматыда жүк көлігі жолаушы толы автобуспен соқтығысты: жарақат алғандар бар

0
1 033

Екі студент ауруханаға жеткізілді.


Алматыда жүк көлігі жолаушы толы автобуспен соқтығысты: жарақат алғандар бар

ERNUR.KZ. Алматыда жолаушылар тасымалдайтын автобус пен жүк көлігі соқтығысты деп жазады Zakon.kz.

Жол көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылында болған. №29 бағыттағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ол аталған көшемен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Автобуста студенттер көп болыпты. Жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа тоқтап, жолдан өтіп бара жатқан қарияны өткізбек болған сәтте, арттан келе жатқан көліктің тежегішті басқанын естиді. Дереу айнадан қарағанда үлкен жүк көлігін көріп, алға қарай жүрмекші болыпты. Десе де, соқтығыстан қашып құтыла алмады.

Соққы салдарынан автобуста болған жолаушылар зардап шекті. Екі студентті жедел журдем ауруханаға алып кеткен.

Қазіргі таңда полицейлер жол көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтап жатыр.