Алматыда жүрген "кіреукейді" министрлік іздестіріп жатыр

0
916

Қала тұрғыны әлеуметтік желіде көз алдында жолдан кіреукей жүгіріп өткенін жазды.


Алматыда жүрген

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматыда кіреукей жүр деген ақпарат тарады. Экология министрлігі жануарды немесе ол туралы хабар таратқан автокөлік иесін іздестіріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы тұрғыны көз алдында жолдан кіреукей жүгіріп өткенін Instagram-да жазды. Жүргізуші бірден көлігін тоқтатып, жолдың арғы бетіндегі бұталарға қашып бара жатқан жануарды суретке түсіріп үлгерген.

Суретке жазылған пікірлер арасында бұл тағы да жалған ақпарат болуы мүмкін деген ойлар бар.

Экология министрлігінің баспасөз қызметі өкілі жарияланымға түсініктеме берді.

"Кіреукей (Cingulata) сүтқоректілерге жатады. Өмір сүру орны - Оңтүстік және Солтүстік Америка. Бұл жануар Қазақстанда тіршілік етпейді. Әлеуметтік желілерде жарияланған материал бойынша жазбаның дұрыстығын анықтау үшін мониторинг жүргізіледі", - деп хабарлады министрлік өкілі.