Алматыда жүргізуші жолдағы жұмысшыларды жол белгімен бірге жұлып әкетті

0
968

Жұмысшылар жолдағы шұңқырларды жөндеп жатқан.


Алматыда жүргізуші жолдағы жұмысшыларды жол белгімен бірге жұлып әкетті

ERNUR.KZ. Lada Priora жүргізушісі Алматыда жолда жұмыс істеп жатқан екі ер адамды қағып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Станиславский мен Тәттібеков көшелерінің қиылысында болған. Жұмысшылар жолдағы шұңқырларды жөндеп жатқан. Жөндеу жұмысының орны белгіленген.

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан Lada Priora жүргізушісі екі жұмысшыны байқамай қағып кеткен. Оқиғаның видеосы Желіде таралып жатыр.

Нәтижесінде 40-45 жастағы екі ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апаттың жай-жапсарын полиция зерттеп жатыр.