Алматыда жүргізушісіз жүріп кеткен автобустан зардап шеккендерге миллион теңге төленді

0
846

"БаТу travel" тасымалдаушы компаниясы зардап шеккен баланың медициналық және оңалту шығындарын өтеген.


Алматыда жүргізушісіз жүріп кеткен автобустан зардап шеккендерге миллион теңге төленді

ERNUR.KZ. Алматыда жүргізушісі жоқ автобустың әйел адам мен баланы қағып кеткен жол-көлік оқиғасы тергеу үстінде деп жазады NUR.KZ

Автобус тиесілі "БаТу travel" тасымалдаушы компаниясы зардап шеккен баланың медициналық және оңалту шығындарын өтеген.

Қазіргі таңда бір миллион теңге төленді, егер емге тағы ақша талап етілсе, көлік компаниясы оларды жеткізуге дайын.
Сондай-ақ, тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын өрескел бұзғаны үшін жазаланды. Тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.
Аталған төтенше жағдайға кінәлі адам "қара тізімге" енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 1 шілдеде 122 нөмірлі автобуста болған. Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін кабинадан шығып кеткен кезде автобус өздігінен жүре бастады.
Сол кезде автобустан шықпақ болған балалы келіншек дөңгелектің астына түскен еді.