Алматыда жұрттың үрейін ұшырған экстремал қыздардың әке-шешесі айыппұл арқалады

0
891

Балалар тағы да бір рет басын қатерге тігетін болса, ата-аналары ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін.


Алматыда жұрттың үрейін ұшырған экстремал қыздардың әке-шешесі айыппұл арқалады

ERNUR.KZ. Алматыда 10-шы қабаттан аяғын салбыратып отырған қыздардың ата-анасы жазаға тартылды. Желіде қызу талқыға түскен видеоға полиция араласқан болатын, деп жазады ktk.kz.

Төрт баланың әке-шешесі әкімшілік жаза арқалаған. Яғни олардың әрқайсысы 25 мың теңгеден айыппұл төлеуге міндеттелген.

Егер балалары тағы да басын қатерге тігетін болса, ата-аналары тіпті ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін.

"Негізі, бұл ересектердің қателігі. Кішкентай балаларға "тәйт" демей, осындай іс-әрекеттерге рұқсат етіп отырған. Ата-анасы болсын, сол тұрғын үй кешенінің күзет қызметі болсын, олар – жауапты. Өздерінің шамасы келмесе де, тиісті құзырлы органдарға хабарласуына болатын еді", - деді полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен 10-шы қабаттан аяғын салбыратып отырған жасөсіпірім қыздардың видеосы тараған еді.

Кейін Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.