Алматыдағы балалар ауруханасының 6 қызметкерінен коронавирус анықталды

0
562

Алматыда коронавирус жұқтырудың расталған 513 жағдайы тіркелді.


ERNUR.KZ. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекцияны жаңа жұқтырғандар туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта Алматыда Cоvid- 19 коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 513 жағдайы тіркелді.

«Алматыда корнавирус жұқтырған 8 жағдай анықталды. 6-уы Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, біреуі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері және біреуі провизорлық стационарда карантинде емделіп жатқан, бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған пациент»,– деп хабарлады басқармадан.

Жалпы инфекциялық стационарларда коронавирустық инфекциядан 427 адам емделуде. Науқастардың жай-күйі: 3 пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6-уында – ауыр, 121 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда.

Коронавирустық инфекциядан 84 адам жазылып, үйіне шығарылды.

Провизорлық госпитальдарда 278 адам, карантиндік оқшаулауда – 431, үй карантинінде 9687 адам бар.