Алматыдағы ірі сауда орталығының жанында өрт болды

0
638

Әлеуметтік желіде ойын-сауық орталығының маңынан шыққан өрттің видеосы тарады.


Алматыдағы ірі сауда орталығының жанында өрт болды

ERNUR.KZ. Алматыда құрғақ шөп өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде «Aport» сауда, ойын-сауық орталығының маңынан шыққан өрттің видеосы тарады.


«17 тамызда сағат 13:20-да өрт сөндірушілер Алатау ауданы Райымбек даңғылы, 529 мекенжайындағы өртке шықты. Жеті минуттан соң жеткен өрт сөндіру бөлімшелері түтіннің қай жерден шығып жатқанын анықтады. Екі жерден құрғақ шөп жанып, өрт қоқысқа ұласқан, соның салдарынан қою қара түтін пайда болды», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.


Қабылданған шаралардың арқасында, жалынның таралуы 20 минутта тоқтатылып, сағат 13:56-да толығымен сөндірілді. 700 шаршы метр жер жанған. Тілсіз жаумен күреске екі техника, 13 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.