Алматыдағы ХҚКО-лардың бірінде әйел босанды

0
675

Жүкті әйел өзінің танысымен соның тұрғын үйіне тіркелу үшін келген.


Алматыдағы ХҚКО-лардың бірінде әйел босанды

ERNUR.KZ. Алматыдағы ХҚКО-ның бірінде қыз бала дүниеге келді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты.

Бұл оқиға Жетісу ауданының филиалында өткен. Жүкті әйел өзінің танысымен соның тұрғын үйіне тіркелу үшін келген.


"Ол 12.00-де алдын ала талон алды. 10 минуттан кейін оның толғағы басталған. ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны бірден өз кабинетіне алып, кушеткаға жатқызды. Содан кейін жедел жәрдем шақырдық", - дейді Жұманбай.



Оның айтуынша, жедел жәрдем көлігі келген кезде перзентханаға бару кеш болған. Сағат 12.30-да қыз бала дүниеге келген. Бұл отбасыдағы үшінші бала екен.