Алматыдағы лаңкестік кезінде тоналған заттардың жарнамалануы: OLX пікір білдірді

0
628

​​Әлеуметтік желілерде OLX жарнамалар алаңына еліміздегі тәртіпсіздіктер кезінде мародерлік жолмен ұрланған тауарлардың фотосуреттері таралды.


Алматыдағы лаңкестік кезінде тоналған заттардың жарнамалануы: OLX пікір білдірді

ERNUR.KZ. Бұл жағдайға OLX Қазақстан өкілдері жауап берді, деп жазады Stan.kz.

OLX сатып алу/сату жарнамаларын орналастыру алаңы Қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу заңмен қудаланатынын ескертті. Осылайша, олар әлеуметтік желілерде таралған Алматыдағы лаңкестік кезінде ұрланған күдік тудыратын заттарды сату туралы сайттағы хабарландыруларға жауап берді.

“Соңғы 5 күндегі оқиғалар барысында дүкендерді, қоймаларды, сауда нүктелерін тонаудың көптеген фактілері тіркелді. Осындай қылмыстық жолмен алынған тауарлық құндылықтарды әртүрлі сайттарда, әртүрлі жолдармен сату жолдары жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан біз қосымша пайдаланушыларға жүгініп, "Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу" Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабына сәйкес заң бойынша қудаланатынын еске салғымыз келеді”, – делінген OLX хабарламасында.

Компания пайдаланушыларға да, жарнамаларға да қатысты сервистегі алаяқтықты бақылауға, алдын алуға және күресуге бағытталған бірқатар күнделікті техникалық, ақпараттық және әкімшілік шараларды жүзеге асыратынын мәлімдеді.

“Айта кету керек, пайдаланушылар арасында кез келген мәмілені бақылау, растау, аяқтау немесе жасасуды біз бақылай алмаймыз. Өйткені біз процестің тікелей қатысушысы емеспіз. Алайда OLX Қазақстан қызметі қазір күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Біздің сервисіміздің ауқымдылығына орай бұзақылар тарапынан түрлі материалдар салынуы мүмкін. Біз әрқашан ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жедел-іздестіру қызметі органдарымен ынтымақтамыз”, – дейді олар.

Қылмыстық жолмен алынған тауарларды сатып алмауға көмектесетін ұсыныстар тізімі:

  • сатушыдан: чектерді, түбіртектерді, шарттарды және сатушының тауарды бұрын сатып алғанын, оның заңдылығын растайтын өзге де құжаттарды сұраңыз.
  • сатушының байланыс деректерін сұраңыз және сақтап алыңыз: телефон; пошта; қала; тауарды алу мекенжайы.

“Күдікті хабарландыруларды байқаған жағдайда ақпаратты бізге дереу кері байланыс нысаны арқылы жолдауыңызды сұраймыз. Егер сіз қылмыстық жолмен табылған тауарды сатып алған болсаңыз, жергілікті полиция бөліміне хабарласып, одан әрі тергеу үшін барлық қажетті ақпарат пен материалдарды ұсынуыңыз керек”, – дейді OLX-тен.