Алматыдағы өртенген үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлер берілетін болды

0
616

Жаңа үй де Жетісу ауданында орналасқан.


Алматыдағы өртенген үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлер берілетін болды

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі өртенген үйдің тұрғындарымен кездесті. Олар үшін жаңа баспана берілетін болды, деп жазады baq.kz.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен бірге әрлеу жұмыстары жүріп жатқан жаңа үйді қарап шыққан.

"Бүгін өрттен зардап шеккен 14 отбасының мәселесіне нүкте қойылды. Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі үй қалпына келтірілмейді. Тұрғындармен бірге салынып жатқан үйден жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын жаңа пәтерлерді қарадық. Көшуге біраз уақыт қалды. Болашақ қоныс иелеріне бақыт тілейміз!", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Жаңа үй де Жетісу ауданында орналасқан. Осылайша, қалалықтардың жоспарланбаған қоныс аударуға бейімделуі жеңіл өтетін болады.