Алматыдағы Сайранда жол опырылып түсіп кетті (видео)

0
1 550

Жолды толық жөндеуге мердігер ауа-райы жақсарғаннан кейін кіріседі.


Алматыдағы Сайранда жол опырылып түсіп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Таңнан бері Алматыдағы Сайран автобекетінің жанындағы Төле би көшесінде жол ойылып түсіп, үлкен шұңқыр пайда болды. Кейін оны қоршап қойды, көлік айналып өтуде, деп жазады Zakon.kz.

Алматы жылу желілері" ЖШС-і хабарлағандай, жол 20 сағаттың ішінде қалпына келтіріледі.

"Қалпына келтіру жұмыстарын кепілдік міндеттемелеріне сәйкес "Ария Жаңа Астана" жекеменшік ЖШС-і атқарады, олар былтыр сол жерде жылу магистралін жөндеуден өткізген. Жаңбыр басылғаннан кейін жолға жаңа асфальт төселеді", - дейді коммуналдық қызмет өкілдері.