Алматыдағы үйлердің зілзалаға беріктігін тексеру үшін жапон мамандары шақырылады

0
499

Жапон мамандары талдау жұмыстарын жүргізіп, құрылымдар мен нысандардың зілзалаға беріктігі бойынша қорытынды жасап бере алады.


Алматыдағы үйлердің зілзалаға беріктігін тексеру үшін жапон мамандары шақырылады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы сейсмикалық тұрғыда қауіпті аумақта тұрғанын, таяуда қаладағы бүкіл ғимарат тексерілетінін мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Алматы жалпы 10 балға дейін зілзала ықтималдығы бар сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақта тұр. Әкімнің өзі таяуда айтқанда Алматыдағы үйлерді сейсмикалық беріктііг тұрғысынан қайтадан паспорттау жұмысы жүргізіледі. Ғимараттардың сейсмикалық беріктігін мамандандырылған ұйым – ҚазҚСҒЗИ, сонымен бірге қалалық құрылыс комитеті тексереді. Одан бөлек алдағы уақытта осы жұмысқа жапон компаниясын тартуымыз мүмкін», - деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, жапон мамандары талдау жұмыстарын жүргізіп, құрылымдар мен нысандардың зілзалаға беріктігі бойынша қорытынды жасап бере алады.

«ТЖМ қазіргі уақытта нысандарды тексеру немесе қабылдау жұмыстарына араласпайды. Оған жауапты мемлекеттік органдар бар», - дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын ТЖМ Алматыда 9 балдық зілзала болса, ғимараттардың үштен бірі қирауы мүмкін екенін болжаған.