Алматыдан Ақтауға шыққан ұшақ Шымкентке қонуға мәжбүр болды

0
1 522

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақтағы жағдайға байланысты Шымкенттің қосымша әуежайына қону туралы шешімді борт командирі қабылдаған.


Алматыдан Ақтауға шыққан ұшақ Шымкентке қонуға мәжбүр болды

Алматыдан Ақтау қаласына бет алған SCAT әуекомпаниясына тиесілі ұшақ мәжбүрлі түрде Шымкентке қонды. Оған борттағы бір жолаушының аяқасты науқастанып қалуы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақтағы жағдайға байланысты Шымкенттің қосымша әуежайына қону туралы шешімді борт командирі қабылдаған. Әуежайда науқас жолаушыға жедел жәрдем қызметі шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сол жерде жолаушы келіншек ұшақтан түсіріліп, әуе кемесі Ақтауға қарай ұшып кетті.