Алматыға келген шетелдік қонақтар 194 млн доллар жұмсаған

0
1 061

Саяхатшылардың шығындары өткен жылмен салыстырғанда 34,6%-ға артқан.


Алматыға келген шетелдік қонақтар 194 млн доллар жұмсаған

ERNUR.KZ. Mastercard компаниясы жыл сайын шетелдік саяхатшылардың саны мен шығындарын сараптап отырады. Биыл аталмыш компания жариялаған тізімге әлем елдерінің 200 қаласы кірген болатын. Алматы бұл рейтингте Владивосток пен Маниланың ортасында 186 орында тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Mastercard ұсынған статистика бойынша, Алматыға Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанынан туристер көптеп келеді. Өткен жылы Алматыға аталған елдерден 400 мың адам қонаққа келген.

«Туристер орта есеппен күніне 69 доллар жұмсаған. Жалпы Алматыға келген барлық шетелдік қонақтардың ортақ шығыны 194 млн долларды құраған»,– дейді Mastercard өкілдері.

Сонымен қатар, бұл рейтингте Нұр-Сұлтан қаласы (197 орында) бар. Елордаға келген шетелдік бір турист күніне орта есеппен 123 доллар, ал жалпы бір жыл ішінде олардың барлығы ортақ 82 млн доллар жұмсаған.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың бірінші жартысында Алматыға 91,3 мың саяхатшы келіп, рекорд орнатқан болатын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45,9%-ға жоғары көрсеткіш.