Алматыға оңалтуға барған 14 жастағы оқушы жүкті болып қалған

0
974

Қалалық әкімдік өкілдері жүкті болған қыздардың зорлық құрбаны еместігін айтады.


Алматыға оңалтуға барған 14 жастағы оқушы жүкті болып қалған

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбеде үш оқушы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы мектептердің инспекторлары, мұғалімдер мен директорларының таяуда өткен жиналысында белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Үш қыз үш түрлі мектепте оқиды. "Нұр Отан" партиясына қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Мария Тажибаева сол мектептердің директорларына үн қатты.

"Сіздер оқушылармен сөйлесіп тұрасыздар ма әлде кабинеттеріңізден шықпай табжылмай отыра бересіздер ме?. Бұрынғы кездері біз мектеп директорларына кез келген мәселемен шыға беруші ек. Мектеп директоры барлығын білуі керек", - дейді Мария Тажибаева.

Қалалық әкімдік өкілдері жүкті болған қыздардың зорлық құрбаны еместігін айтады: "Оқушылардың біреуі, 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыз анасымен Алматыға оңалтуға барған. Онда ол бір жігітпен танысқан, Ақтөбеге қайтқанда жүкті болғанын білген. Анасы да оны жүкті екенін білмеген". "Бірінші кезекте осы қыздардың отбасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы өзара сөйлесіп, келісіп жатады. Мектеп қабырғасында жүріп, жүкті болған жағдайда ата-ананың өз міндетін дұрыс атқармауы бойынша комиссия отырысы болады", - деді әкімдік өкілдері.