Алматыға шабуыл жасаған содырлардың мәйіті көмілген қабір табылды

0
1 068

Алматы полиция департаменті қаңтарда қалаға шабуыл кезінде мәйітханадан ұрланған содырлардың мәйіті табылғаны туралы ақпаратты растады.


Алматыға шабуыл жасаған содырлардың мәйіті көмілген қабір табылды

ERNUR.KZ. Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек биыл 4-8 қаңтарда қалаға террористік шабуыл жасауға қатысқандардың мәйіті көмілген қабір табылғаны туралы ақпаратты растады, деп жазады sputnik.kz.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жағасып жатыр.

"Иә, растаймыз. Расында да мәйіттер табылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сондықтан мәйіт саны қанша екенін нақты білмейміз. Жедел тергеу тобы жұмыстарды аяқтағаннан кейін толық ақпарат ұсынылады", - деді Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, тергеу барысында содырлардың кім екені және олардың қай діни ағымды ұстанғаны анықталады.

Әзірге тергеудің басқа деректері жарияланбайды.

Бұған дейін Алматы коменданты Қанат Таймерденов қаза тапқан лаңкестердің денесін содырлар өздерімен бірге алып кеткенін айтқан болатын.

"Шабуылдаушылар өлгендерді тастап кеткен жоқ, жаралыларды да өздерімен бірге алып кетті. Бұл күндері мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалды. Қаза болған 41 адамның мәйіті ұрланды", - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов ОСК-дегі брифингте.

Қазақстанда бүлік кезінде 227 адам көз жұмды, оның 151-і Алматыда қаза болды.