Алматылық 20 жыл ішінде Sulpak айналасында қанша ағаш оталғанын көрсетті

0
578

Бұл туралы сәулетші әлеуметтік желіде жазды.


Алматылық 20 жыл ішінде Sulpak айналасында қанша ағаш оталғанын көрсетті

ERNUR.KZ. Соңғы 20 жыл ішінде бұрынғы кілем зауытының айналасында (қазіргі Sulpak дүкенінің ғимараты. - Ескерту) 50-ге жуық ағаш оталған, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы сәулетші Владислав Филатов Facebook-те жазды. Ол Google Earth бағдарламасы арқылы аумақтың спутниктік суреттерін түсірген. Айтуынша, соңғы 20 жыл ішінде дәл осы жерде 50-ге жуық ағаш жойылғанын көруге болады.


"1967 жыл. Шарап зауытынан Тастақ шағын ауданына дейін ұзын саябақ бар", - деп жазды автор бірінші суреттің сипаттамасына.



Суретке қарағанда, жасыл алаңдар алдымен автокөліктер тұратын бұрынғы кілем зауытының ауласында жойыла бастаған.


2002 жыл

"2007 жыл. СҮ жанындағы ағаштардың жартысы кесілген", - дейді сәулетші.



2007 жыл. "Тұмар" СҮ жанындағы ағаштардың жартысы оталған

Сондай-ақ, суретте 2007 жылдан 2009 жылға дейін ағаштардың көп бөлігі жойылғаны байқалады. Суретте Төле би көшесіндегі ғимараттың бойында жасыл желектің қалай күрт азайғаны, ағаштардың орнында тұрақ пайда болғаны көрінеді.


"2009 жыл. Енді ағаштардың 2/3 бөлігі жоқ", - деп жазған ол келесі сурет сипаттамасында.


2009 жыл


"2019 жыл. Қасбеттердің жанындағы ағаштардың екінші қатарын жою басталады", - дейді автор.


2019 жыл


"2020 жыл. Қасбеттің ребрендингі басталды", - деп қорытындылады ол.




2020 жылдың басы