Алматылық атқышқа елден шығуға 9 рет тыйым салынған

0
964

Ашық ақпарат көздерінде Игорь Дужновқа шетелге шығуға 2014 жылдың сәуірінде бірінші рет тыйым салынғанын көруге болады.


Алматылық атқышқа елден шығуға 9 рет тыйым салынған

ERNUR.KZ. Алматылық атқыш Игорь Дужновқа тоғыз рет елден шығуға тыйым салынған. Бұл ақпарат Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде көрсетілген, деп жазады Tengrinews.kz.

Ашық ақпарат көздерінде Игорь Дужновқа шетелге шығуға 2014 жылдың сәуірінде бірінші рет тыйым салынғанын көруге болады. Оған "Нано-Плюс" компаниясының "Қостанай-Кама" компаниясына 2,6 миллион теңге көлемінде төленбеген қарыз себеп болған. Екінші рет оған 2014 жылдың шілдесінде елден шығуға шектеу қойылған. Мұндай шешімге Дужновтың Рафаил Хайбуллинге 1,7 миллион теңгені қайтармауы себеп болған.

Әрі қарай, оған 2014 жылдың тамызында "Банк Центр Кредитке" 121 миллион теңге қарызын төлемегендіктен тыйым салынған. Дужновтан басқа, оның әйелі Анаид Демирчян, сондай-ақ екі компания "Нано-Плюс" және "Идеал Сервис" борышкер болды. Төртінші рет оған 2014 жылдың қазанында "Нано-Плюс" компаниясының "Костанай-Кама" компаниясына жоғарыда аталған қарызы бойынша шектеу қойылған.

Одан әрі, 2015 жылдың наурызында сот Var TechAuto-ға 5,7 миллион теңге қарызды ұзақ уақыт бойы қайтармағаны үшін Игорь Дужновқа шектеу қойды. Ал 2016 жылдың наурызында алматылық атқышқа "Банк ЦентрКредитке" қарыз болғандықтан кетуге тағы да тыйым салынды.

Осыдан кейін Дужновқа 2017 жылы маусымда тағы шектеу қойылған. Бұл жолы ол Ольга Винокуроваға 5,1 миллион теңге қарызын ұзақ уақыт бойы төлемей келген. Кейін 2018 жылдың шілдесінде, "Банк ЦентрКредит" 121 миллион теңге қарызы бойынша оған Қазақстаннан сегізінші рет шығуға тыйым салған. Ал соңғы рет алматылық атқыш 2019 жылдың наурызында БЦК несиесі бойынша шектеу алды.

Tengrinews.kz тілшісі Игорь Дужнов қарыз алған адамдардың бірімен хабарласты. Ол - Елена Винокурова, Ольга Винокурованың қызы. Әйелдер алматылық атқыштың отбасын ұзақ жылдар бойы білетінін айтты.

"Анаидтың әкесі мен әкем дос болды, отбасыларымыз бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болды. Бастапқыда Анаид кәсіпкерлікпен айналысқан - ол Car City-де автокөлік дөңгелектерін сатқан. Ал Игорь оған көмектесетін. Бір жыл ішінде көптеген танысынан қарызға ақша алып, тауардың үлкен партиясын сатып алып, жақсы табыс алды. Ол қарызды төлеп қана қоймай, бәріне алғысын білдірді. 15 жыл бұрын бұл отбасының беделі өте жақсы еді.
Алайда кейін, 2008 жылы сұлулық салонын ашып, осы салаға кетті. Игорь дөңгелек бизнесімен айналысты, ал оның ісі кері кетті. Бір жылдан кейін ол бәрінен қарыз ала бастады. Ол менің анамнан пәтерді сатудан түскен 35 мың еуро қарыз алған. Ақшаны оған 2009-2012 жылдар аралығында бірнеше траншпен берген", - деді ол.

2016 жылы Елена Винокурова қатерлі ісікпен ауырып қалған, сондықтан оны емдеуге ақша керек болған. Дәл сол кезде ол анасының банк шотында ақша жоқ екенін білген.

"Анама көмектесемін деп уәде берген екен. Бірақ ол осы уақыт ішінде анама 200 доллар ғана берген. Мен ақшаны қайтарып алуға барғанымда, ол өзгеріп шыға келді. Бұрын сыпайы және тыныш адам болса, 2016 жылы мақтаншақ және дөрекі болып шыға келді. Ол Донбасста болғанын айтып, мені шығарып салды. Сөйтіп мен оны сотқа бердім. Нәтижесінде сот бес миллион теңгені ғана қайтаруға шешім шығарды", - деп қосты алматылық әйел.

Бұған дейін сот ол қарыз алған адамдар Дужновқа қарсы алты рет сотқа шағым түсіргенін хабарлаған. Сондай-ақ, 18 рет жеке сот орындаушылары оны жауапкер ретінде сотқа шақырған.