Алматылық эмбриондар ата-анасын іздейді

0
612

Кейбір эмбриондардың сақталып келе жатқанына 10 жылдан асқан.


Алматылық эмбриондар ата-анасын іздейді

ERNUR.KZ. Репродуктивті (адам ұрпағын өрбіту) медицина институты өз Instagram парақшасына мыңдаған эмбрион өз ата-анасын күтіп жүргенін мәлімдеді, деп жазады aikyn.kz.

«Ата-аналар жоғалып кетті! Келіңіздер, оларды бірге іздейік! ИРМ-да (Институт репродуктивной медицины) 25074 эмбрион бар, бұл – 100 балабақша! Кейбір эмбриондардың сақталып келе жатқанына 10 жылдан асты. Өкінішке қарай, балақайлардың кейбіреуі өз ата-анасын жоғалтып алды. Олардың телефон нөмірі мен мекен-жайы өзгерген. Күту айларға емес, жылдарға созылып жатыр…» деп хабарлайды институт.

Этикалық норма бойынша болашақ бөбектердің ата-анасымен қауышқанға дейінгі «өмірін» сақтау үшін барлық шығынды клиника мойнына алады. Зертхана мамандары сақтау орнын үнемі қадағалап, оларға бар жағдайды жасайды.

«Біздің «бөбектер» өз ата-анасымен кездесер сәтті шыдамдылықпен күтуде» дейді репродуктологтар.

«Естімеген елде көп» деген – осы.