Алматылық келіншек көлікпен күйеуін екі рет басып өтті

0
1 128

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр


Алматылық келіншек көлікпен күйеуін екі рет басып өтті

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінің тұрғыны Mercedes көлігімен өз ауласынан шықпақ болып, күйеуін қағып кетті. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды, деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты 10 мамырда кешкі он жарым кезінде болған. Бастапқы деректерге сүйенсек, "Алтын Алма" бау-бақша бірлестігінде тұратын әйел отбасына тиесілі Mercedes көлігіне мініп, кетпек болыпты.

Оның айтуынша, күйеуіне ешқандай қастық ойламаған, ер адам сол кезде көліктің алдында отырған екен. Келіншек газ бен тежегішті шатастырып алып, алға бір-ақ жүреді, ал отағасы көліктің астында қалыпты.

Жағдайды түзеуге тырысқан әйел артқа жүрмек болғанда, тағы да күйеуінің үстінен басып өткен, сол кезде көліктің алдыңғы бампері жұлынып кетеді.

Зардап шегуші өте ауыр жарақат алды, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оны ауруханаға жатқызды.

Апат орнына барған жедел тергеу тобы ер адамды әйелі әдейі қақты ма, жоқ па – анықтауы тиіс.