Алматылық жігіт көшенің ортасында кәуап пісірген (видео)

0
867

Қазір 22 жастағы жігіт қамауға алынды.


Алматылық жігіт көшенің ортасында кәуап пісірген (видео)
ERNUR.KZ. Қалалық полиция жол бойында кәуіп пісіріп жатқан адамдарды видеоға түсіріп, таратқан 22 жастағы алматылықты қамауға алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, ғаламтор кеңістігін бақылау кезінде шығыс айналма жолда түсірілген видеожазба пайда болды, онда жол бойында ер адам кәуап пісірп жатқанын көрсеткен.


«Бұл видео қатысты ешкім «102» -ге қоңырау шалған жоқ. Кезекші пультке ешқандай хабарлама түспеді. Тексеру жұмыстары барысында, бейнетаспаның қойылым болғандығы, құқықбұзушылықты камерада түсірген оператор, отты жаққан адамдардың досы екенін және түсірілім хайп үшін жасалғандығы белгілі болды. Ұйымдастырушы - 1997 жылы туған Б.есімді азамат екені анықталды. Ол жасаған әрекетін бірден мойындады. Ол құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жолданып, оның шешімімен Б.есімді азамат, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Карантинге байланысты сот отырысы онлайн режимінде өтті», - деді, Алматы қалалық полиция ДП бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Өз кезегінде құқықбұзушы көпшілік алдында кешірім сұрады.

"Мен бүкіл Қазақстанға және Алматы тұрғындарына өзімнің жасаған істеріме өкінгенімді хабарлаймын. Болашақ үшін менің жігіттерге айтарым, осындай қиын уақытта әзілдесудің қажеті жоқ. Мен, Қазақстанның алдында шын жүректен, кешірім сұраймын", - деді Б.есімді азамат.