Алматылық жүргізуші шетелдік қонақтан жол ақысына 23 мың теңге алған

0
995

Алматы әуежайынан орталыққа дейінгі жолақы құны.


Алматылық жүргізуші шетелдік қонақтан жол ақысына 23 мың теңге алған

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайы такси жүргізушісінің не үшін 23 мың теңге алғанын түсіндірді деп жазады sn.kz.

Ресейден келген жолаушыны әуежайдан алған такси жүргізушісі одан 23 мың теңге алып, 17 500 теңгенің түбіртегін ұстатқан. Түбіртекте AportTaxi логотипі бар. Ал AportTaxi Алматы әуежайының ресми серіктесі.

Бұл оқиға жайлы ақпарат алғаш желіде жарияланған. Осыдан кейін әуежайдың баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында келеңсіз жайтқа қатысты түсінік берді.

«Түбіртек қолдан жасалған. Такси жүргізушісін таптық. Ол жеке таксистердің бірі боп шықты. Әйелді қала орталығына жеткізіп тастаған. Жолаушы жол ақысын рубльмен төлегісі келген. 23 мың теңгеге баратынын білген. Сол үшін шетелдік қонақтардан ақшаларын айырбастап, алдын ала есептеп жүруін сұраймыз», - деп жазылған әуежайдың ресми парақшасында.