Алматылықтар айыппұл төлемеу үшін тойды облыста өткізіп жатыр – Сағынтаев

0
1 987

​Қазір республикадағы ең ірі қаланың аумағында қатаң шектеу шаралары қолданылып жатыр. Коронавирус жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты ойын-сауық орындары жабылған.


Алматылықтар айыппұл төлемеу үшін тойды облыста өткізіп жатыр – Сағынтаев

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындары айыппұл төлемеу үшін отбасылық іс-шараларды Алматы облысының аумағында өткізе бастағанын мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Біз агломерация аймағында тұрамыз. Біз облысқа барамыз, облыс бізге келеді, өйткені Алматыда бәрі жабық тұр, адамдар бір жерге барғысы келеді, сондықтан облыс аумағына кетіп жатыр. Бес минуттық жол. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары маған көптеген қала тұрғыны тойды және басқа да іс-шараларды облыс аумағында өткізіп жатқанын хабарлады. Онда тойхана өте көп, олар іс-шараны күндіз өткізіп жатыр", - деді мегаполис басшысы.

Бұл мәселені шешу үшін Сағынтаев Алматы облысындағы әріптестерімен бірлескен шараларды үйлестіру қажеттігін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Сағынтаев тікелей эфир барысында ірі қалаларда коронавирустың үшінші толқыны басталып жатқанын мәлімдеген болатын.


"Жазбен салыстырар болсақ, тәулігіне екі есе көп науқас тіркеліп жатыр. Бұл коронавирустың жаңа штаммдарымен байланысты. Алматы қазір қиын жағдайды өткеріп жатыр", - деді қала басшысы.


Жаңа штаммдарды жұқтыру көрсеткіші базалық штаммға қарағанда 70 процентке жоғары. Инфекция тез жұғады. Зерттеу барысында британдық және оңтүстікафрикалық штаммдарға ұқсас мутациялар анықталды.