Алматының бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды

0
779

Алматы мен Нұр-сұлтанда коронавирус жұқтырғадардың жалпы саны алтауға жетті.


Алматының бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус анықталған Германиядан келген жолаушымен бір ұшақта болған, деп жазады тengrinews.kz.

Бұл туралы ақпарат 14 наурызда Facebook-те пайда болды. Тілшімен телефон арқылы сөйлескен Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы 10 наурызда Франкфурттен ұшып келгенін растады.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус 9 наурызда Германиядан Алматыға ұшып келген ер адамнан табылған. Санитарлық дәрігердің айтуынша, ұшақ шын мәнінде Қазақстанға 10 наурызда қонған, 9 наурыз - лайнердің ұшып шыққан күні.

"Коронавирус жұқтырған адаммен ұшқаным белгілі болғаннан кейін мені жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулады. Кеше ғана тест нәтижесін алындым, теріс болды", - деді Молдағасымова.

Бас санитар Қазақстанға "карантиндеуге жатпайтын" басқа елден Германия арқылы транзитпен ұшып келген. Оның айтуынша, басқа елге жеке істері бойынша барған, науқас анасын ауруханаға ресімдеген.

Молдағасымова қазіргі уақытта үй карантинінде жатқанын хабарлады.

"Енді екінші нәтижені күтемін, кейін жұмысқа шығамын. Мен байланыс жасаған адамдарға келетін болсақ, барлығынан талдау алынды, нәтижесі теріс" , - деді ол.

Молдағасымова қорқыныш сезімі тумағанын айтты, себебі ауырған адаммен тығыз байланыста болмаған.

"Бұл оба емес қой, вирустық инфекция. Менің ойымша, ол үлкен қауіп төндірмейді. Коронавируспен ауырғандар саны тұмауратқандардың санынан аспайды. Бұның жаңа вирус екені ғана қорқытады. Екінші жағынан, бұған дейін шошқа және құс тұмауы сияқты жаңа инфекциялар болған, сондықтан дүрлікпе тараған ақпараттардың әсерінен пайда болды деп ойлаймын", - деп атап өтті ол.

Алматы мен Нұр-сұлтанда коронавирус жұқтырғадардың жалпы саны алтауға жетті.